Т. Рысқұлов ауданында егін жинау науқаны кезінде өрт қауіпсіздігі шаралары күшейтілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Т. Рысқұлов ауданында егін жинау науқанына байланысты аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері профилактикалық іс-шара өткізді. Іс-шара барысында шаруа қожалықтарының өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауына ерекше көңіл бөлінді.
Мамандар егін жинау және дала жұмыстары кезінде өрттің алдын алу шараларын түсіндіріп, ашық отты пайдаланбау, техниканы уақтылы тексеру, жанғыш материалдарды қауіпсіз сақтау және өрт туындаған жағдайда жедел әрекет ету тәртібі жөнінде ақпарат берді.
Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы техникаларындағы өрт сөндіргіштердің жарамдылығы мен жұмысқа дайындығы тексерілді. Қызметкерлер анықталған кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар беріп, өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтаудың маңыздылығын еске салды.
 
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1260504?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді