Қаражал қалалық мәслихаты төрағасының
Ш Е Ш І М І
Қаражал қаласы № 5 2026 жылғы 21 шілде
Қалалық мәслихаттың
кезектен тыс XLVІ сессиясын
шақыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес:
- VIII шақырылған Қаражал қалалық мәслихатының кезектен тыс XLVІ сессиясы 2026 жылдың 23 шілдесінде сағат 11.00-де Қаражал қалалық әкімдігінің мәжіліс залында шақырылсын.
- Мәслихат сессиясын шақыру уақыты мен өткiзiлетiн орны туралы, сондай-ақ сессияның қарауына енгiзiлетiн мәселелер туралы депутаттарға, халыққа және әкiмге – сессияға кемiнде үш күн қалғанда хабарлансын.
Сессияның қарауына енгiзiлетiн мәселелер бойынша қажеттi материалдарды депутаттарға және әкiмге – сессияға кемiнде үш күн қалғанда табыс етілсін.
- Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қалалық мәслихаттың төрағасы З.Оспанова
Х А Б А Р Л А М А
Қаражал қалалық мәслихатының кезектен тыс XLVІ сессиясы 2026 жылдың 23 шілдесінде сағат 11.00-де Қаражал қалалық әкімдігінің мәжіліс залында шақырылады.
Сессия қарауына келесі мәселелер енгізіледі:
- Қаражал қалалық мәслихатының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы №332 «2026 – 2028 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Қаражал қалалық мәслихатының 2025 жылғы 31 желтоқсандағы №350 «2026 – 2028 жылдарға арналған Жәйрем және Шалғы кенттерінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Басқа да мәселелер.
Қалалық мәслихаттың төрағасы З.Оспанова
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karazhal/press/news/details/1261035?lang=ru

Жауап қалдыру