Құрметті Жетісу облысының тұрғындары!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасында жекелеген санаттағы азаматтарды Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің бірқатар баптары бойынша әкімшілік жауаптылықтан босатуды көздейтін «Рақымшылық жасау туралы» Заң күшіне енді. Заңды іске асыру қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес автоматтандырылған тәртіпте жүзеге асырылуда.

Жетісу облысы бойынша ішкі істер органдарының желісімен әкімшілік рақымшылыққа 19 204 азамат ілікті.

Рақымшылық әкімшілік құқық бұзушылықтардың жекелеген түрлеріне қолданылады.

Сонымен қатар, рақымшылық заң талаптарының күшін жою немесе оларды елемеуге негіз болмайтынын ерекше атап өткіміз келеді. Бұл – мемлекет тарапынан жасалған ізгілік актісі, азаматтарға өз әрекеттерінен дұрыс қорытынды шығарып, алдағы уақытта құқық бұзушылықтарға жол бермеуге мүмкіндік беретін шара.

Жетісу облысы Полиция департаменті азаматтарды мемлекет ұсынған осы мүмкіндікті дұрыс қорытынды жасап, заң талаптарын бұдан былай бұзбауға берілген мүмкіндік ретінде қабылдауға шақырады. Жол жүрісі қағидаларын сақтау – заң талабы ғана емес, сонымен қатар барлық жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығын сақтаудың басты кепілі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1261400?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді