Астанада Халықаралық биология олимпиадасының жүлдегерлері салтанатты түрде қарсы алынды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Елорда әуежайында Литваның Вильнюс қаласында өткен 37-ші Халықаралық биология олимпиадасында (International Biology Olympiad, IBO-2026) ел намысын абыроймен қорғаған Қазақстан құрамасын салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.

Әлемнің ең беделді зияткерлік жарыстарының бірінде қазақстандық оқушылар үш күміс және бір қола медаль жеңіп алып, 1996 жылғы ұлттық құраманың ең үздік нәтижесін қайталады.

Қазақстан құрамасының жүлдегерлері:

Қайыркен Ерсұлтан – Павлодар облысындағы «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;

Әшірханов Әлихан – Алматы қаласындағы «Білім-инновация» мамандандырылған лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;

Желтова Софья – Алматы қаласы Медеу ауданындағы NIS-тің 11-сынып оқушысы;

Меженина Евгения – Қарағанды қаласындағы NIS-тің 11-сынып оқушысы.

Құрама команданың жетекшілері мен жаттықтырушылары:

Лейла Асқарова – MD Nazarbayev University;

Ілияс Сакимов – «Білім-инновация» халықаралық қоғамдық қорының әдіскері;

Камиля Садыкова – Nazarbayev University зертханасының үйлестірушісі;

Дінмұхаммед Уразбаев – Астана медицина университетінің студенті.

Әуежайда жүлдегерлер мен олардың жаттықтырушыларын Оқу-ағарту вице-министрі Шынар Ақпарова, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Тимур Даулетов, ата-аналар, ұстаздар мен жақындары қарсы алып, тарихи жетістікпен құттықтады.

Ұлттық құраманың жоғары нәтижесі – мемлекет тарапынан білім беру саласына көрсетіліп отырған жүйелі қолдаудың, олимпиадалық қозғалысты дамытуға бағытталған дәйекті жұмыстың, педагогтер мен жаттықтырушылардың кәсібилігінің және оқушылардың қажырлы еңбегінің жемісі.

IBO-2026 олимпиадасындағы бұл жетістік қазақстандық оқушылардың дайындық деңгейінің жоғары екенін тағы бір мәрте дәлелдеп, еліміздің халықаралық білім кеңістігіндегі беделін нығайта түсті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/1261399?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді