Қызметтік жоспар аясында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы шеңберінде «Еркіндік рухы» жастар комиссиясының мүшелерімен және қаланы абаттандыру жұмыстарына белсенді қатысып жүрген жастармен кездесу өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Ұлытау облысы бойынша өкілі А.Б. Каримов қызметтік жоспар аясында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы шеңберінде «Еркіндік рухы» жастар комиссиясының мүшелерімен және қаланы абаттандыру жұмыстарына белсенді қатысып жүрген жастармен кездесу өткізді.
Кездесу барысында жастардың қоршаған ортаны қорғау, қоғамдық кеңістіктерді көркейту және туған өлкенің тазалығын сақтаудағы белсенділігі жоғары бағаланды. Сонымен қатар, азаматтық жауапкершілікті арттыру, жастардың қоғамдық бастамаларын қолдау және қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру мәселелері талқыланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-ulytau-oblysy/press/news/details/1261397?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді