21 шілде күні жергілікті діни бірлестіктердің басшылары мен өкілдерінің қатысуымен кезекті Клуб отырысы өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

21 шілде күні жергілікті діни бірлестіктердің басшылары мен өкілдерінің қатысуымен кезекті Клуб отырысы өткізілді.

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Конституциясының қоғам өміріндегі маңызы, оның ішінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудегі рөлі, сондай-ақ дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттары кеңінен түсіндірілді.

Сонымен қатар, дін саласы мен қоғамдық тәртіпке қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу, қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау, конфессияаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылықты нығайту мәселелері талқыланды.

Кездесу барысында қатысушылар пікір алмасып, көтерілген мәселелер бойынша өзекті сұрақтарға жауаптар берілді.

Клуб отырысына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жергілікті өкілдігі, Православие шіркеуі, «Надежда» Ақтөбе евангельдік христиан-баптистері шіркеуі, «Ақиқат» інжілдік мәсіхші-баптистер қауымы, «Өмір бұлағы» христиандық інжілдік елуліктер шіркеуі, «Жаңа Өмір» евангельдік сенімдегі мәсіхшілер қауымы, Жетінші күн адвентистері христиандарының шіркеуі және Ақтөбелік христиан-баптистердің інжілдік «Шаңырақ» жергілікті діни бірлестігінің өкілдері қатысты.

Клуб отырысы өз мақсатына сай ұйымдастырылып, діни бірлестіктермен өзара ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-din/press/news/details/1261649?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді