
Аудан орталығында орналасқан Орталық саябақта балалар мен ата-аналар үшін ерекше көңілді шара ұйымдастырылды.
Шараға аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков арнайы қатысып, тұрғындармен бірге мерекелік шараның куәсі болды.
Аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен мерекелік шараға 1300-ге жуық бала мен ата-ана қатысып, жазғы демалыстың жарқын сәттеріне куә болды. Аптап ыстықта саябаққа жиналған бүлдіршіндер үшін бұл күн ерекше қуанышқа толы болды.
Шара барысында өрт сөндіру көліктері мен арнайы су шашуға арналған техникалар арқылы балаларға су шашылып, ерекше сергіту сәті ұйымдастырылды. Салқын суға шомылған балалардың шат күлкісі саябақты ерекше көңіл-күйге бөледі.
Кішкентай қонақтарға 1300-ге жуық балмұздақ таратылып, тәтті сый балалардың қуанышын еселей түсті. Ал түрлі кейіпкерлер бейнесіндегі аниматорлар бүлдіршіндермен бірге ойын ойнап, балаларға ұмытылмас әсер сыйлады.
«Балалар үшін мұндай шаралардың маңызы зор. Әсіресе жаздың ыстығында олардың көңілін көтеріп, қуаныш сыйлау арқылы балалардың шат күлкісін көрудің өзі бір ғанибет», – дейді шараға қатысқан тұрғындар.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-suzak/press/news/details/1261648?lang=ru

Жауап қалдыру