
26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай Жанқожа батыр ауылында жастар арасында шағын футболдан жарыс ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту, бос уақытты тиімді ұйымдастыру және есірткіге қарсы көзқарасты қалыптастыру.
Жарысқа ауыл жастары белсене қатысып, тартысты да қызықты ойын өрнегін көрсетті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы марапаттарға ие болды.
Осындай игі шаралар жастарды спортпен шұғылдануға ынталандырып, дені сау, белсенді әрі саналы қоғам қалыптастыруға өз үлесін қосады.
Есірткісіз өмір – жарқын болашақтың кепілі!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kazaly-aryqbalyq/press/news/details/1262291?lang=ru

Жауап қалдыру