Ескелді ауылдық округінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 22 шілдеде Ескелді ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шараға ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлері қатысты.

Кездесу барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау және құқықтық мәдениетті арттыру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі талаптары түсіндірілді.

Іс-шара соңында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастырудың маңыздылығы айтылып, осындай түсіндіру жұмыстарының тұрақты түрде өткізілуі қажеттігі атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-eskeldi/press/news/details/1262292?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді