Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қарағанды облысы бойынша өкілі Қайрат Бейсенбеков Ұлттық алдын алу тетігі өңірлік тобының жетекшісі Андрей Турлаевпен жұмыс кездесуін өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қарағанды облысы бойынша өкілі Қайрат Бейсенбеков Ұлттық алдын алу тетігі өңірлік тобының жетекшісі Андрей Турлаевпен жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесу барысында Қарағанды облысындағы Ұлттық алдын алу тетігі қызметінің өзекті мәселелері, мониторингтік баруларды ұйымдастыру, мониторинг қорытындылары бойынша берілген ұсынымдарды жүзеге асыру, сондай-ақ Ұлттық алдын алу тетігі мандатының тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, Ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылардың қызметін ұйымдастырушылық сүйемелдеу, мониторинг қорытындылары бойынша әзірленетін ұсынымдарды уақтылы қарау және орындау, сондай-ақ азаптаудың және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерінің алдын алу жүйесін одан әрі дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-karaganda-oblysy/press/news/details/1262701?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді