
Щербақты ауданында білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығына мониторинг жүргізілді.
Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті Щербақты ауданындағы орта білім беру ұйымдарының 2026–2027 жаңа оқу жылының басталуына дайындығына мониторинг жүргізді.
Мониторинг барысында білім беру ұйымдарының қауіпсіз білім беру жағдайларын қамтамасыз ету, санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылық, материалдық-техникалық жабдықталу, кадрлық қамтамасыз ету және білім беру процесін ұйымдастыру талаптарына сәйкестігі бағаланды.
Мониторинг қорытындысы бойынша КММ «Сосновка жалпы орта білім беру мектебінде», КММ «Хмельницк жалпы орта білім беру мектебінде» және КММ «Назаров негізгі жалпы білім беру мектебінде» тамақтану нысаны бойынша санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының жоқтығы анықталды.
Анықталған бұзушылықтар бойынша Департамент тарапынан оларды жою жөнінде ұсынымдар берілді. Ұсынымдардың орындалуы бақылауда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-pavlodar/press/news/details/1262700?lang=ru

Жауап қалдыру