
Қала әкімі жылу желілерін жаңғырту және тұрғын үйлердің қасбеттерін жаңарту жұмыстарының барысын тексерді
Бүгін қала әкімі Ернат Бәзіл Жансүгіров және Біржан сал көшелеріндегі жылу желілерін жаңғырту және көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттерін жаңарту жұмыстарының барысымен танысты.
Алдымен қала әкімі Жансүгіров көшесінде жылу желілерін жаңғырту жұмыстары аяқталған учаскелерді аралап, жол жабынын қалпына келтіру және асфальт төсеуге дайындық жұмыстарын көрді.
Одан кейін Біржан сал және Жансүгіров көшелерінде жүргізіліп жатқан жылу желілерін жаңғырту жұмыстарының қарқынын тексеріп, мердігер ұйымдарға жұмыстарды сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтау жөнінде нақты тапсырмалар берді.
Сондай-ақ, қала әкімі Жансүгіров көшесінде басталған көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттерін жаңарту жұмыстарымен танысты. Қазіргі таңда аталған көшеде 24 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеті жаңартылуда. Ал қала бойынша 33 тұрғын үйдің шатырын жөндеу жұмыстары басталды.
Әкім мердігер ұйымдарға жұмыс қарқынын арттырып, барлық жұмысты белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар, атқарылып жатқан жұмыстардың сапасына ерекше мән беру қажеттігін ескертіп, әрбір нысандағы жұмыс барысы тұрақты бақылауда екенін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-taldykorgan/press/news/details/1261811?lang=ru

Жауап қалдыру