
Қарауылкелді ауылдық округінде «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы және «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында санитарлық тазалықты сақтау, қоршаған ортаның ластануына жол бермеу, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында кезекті мониторинг жұмыстары жүргізілді.
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстардың басты мақсаты – елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту, тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру және қолайлы өмір сүру ортасын құру болып табылады. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады.
Қарауылкелді ауылдық округі әкімдігі барлық тұрғындарды туған жердің тазалығын сақтауға, қоғамдық тәртіпті бұзбауға және ауылдың көркеюіне өз үлестерін қосуға шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-baiganin-karauylkeldi/press/news/details/1262858?lang=ru

Жауап қалдыру