📢 Вокзал көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындарымен кездесу өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

 

 

Аманқарағай ауылындағы Вокзал көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындарымен кездесу өткізілді.

Кездесу барысында келесі өзекті мәселелер қаралды:
🏡 тұрғын үйлерге іргелес аумақтарды абаттандыру;
🧹 тазалық пен санитариялық тәртіпті сақтау;
🔥 2026–2027 жылдардағы алдағы жылыту маусымына дайындық.

Тұрғындарға аулаларды таза ұстау, елді мекенді абаттандыру қағидаларын сақтау және тұрғын үйлерді жылыту маусымына уақтылы дайындау қажеттілігі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Барлық тұрғындарға белсенді қатысқандары үшін алғыс білдіреміз! Бірлескен күш-жігерімізбен ауылымызды таза, көрікті әрі жайлы етейік!

#ТазаҚазақстан #Аманқарағай #Абаттандыру #Тазалық #ЖылытуМаусымы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-auliekol-amankaragai/press/news/details/1262998?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді