
«Қауіпсіз турист» сервисі Шығыс Қазақстан облысы бойынша саяхатқа алдын ала дайындалуға және құтқарушылармен тұрақты байланыста болуға көмектеседі.
QR-код арқылы өңірдің тұрғындары мен қонақтары:
– маршрутын тіркей алады;
– қауіпсіз демалу бойынша ұсынымдар алады;
– төтенше жағдайда қалай әрекет ету керектігі туралы ақпарат алады;
– қажетті жедел байланыс нөмірлерін жылдам таба алады.
QR-кодты сканерлегеннен кейін турист маршрутты, саяхат уақытын және байланыс деректерін тіркейді. Бұл ақпарат автоматты түрде ШҚО ТЖД жедел басқару орталығына түседі. Соның арқасында құтқарушылар қажет болған жағдайда туристік топтың орналасқан жерін жедел анықтап, іздестіру-құтқару жұмыстарын дереу бастай алады.
QR-кодтар туристік базаларда, әуежайларда, теміржол вокзалдарында және автовокзалдарда орналастырылған. Бұл сервисті баршаға қолжетімді етіп, туристердің қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.
Жазғы кезеңде «Қауіпсіз турист» сервисін 15 туристік топ пайдаланды. Олар жорықтарын, экскурсиялары мен өрмелеулерін сәтті әрі қауіпсіз аяқтады.
«Қауіпсіз турист» QR-кодын сканерлеңіз. Бір ғана қарапайым қадам сіздің қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаруы мүмкін.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/1263058?lang=ru

Жауап қалдыру