⚜️”Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау” ақпараттық жүйесі мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылының заманауи цифрлық құралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалаудың тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасында “Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау” ақпараттық жүйесі (“СЭН” АЖ) жұмыс істейді. Жүйе мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруға, профилактикалық бақылауға және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдары, кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттік ұйымдар арасында ақпарат алмасуға арналған.

 

Цифрлық технологияларды пайдалану құжаттарды қарау мерзімдерін едәуір қысқартуға, қағаз құжат айналымын азайтуға және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды неғұрлым ашық әрі ыңғайлы етуге мүмкіндік береді.

        Ақпараттық жүйе мыналарға арналған:

* шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері;

* мемлекеттік ұйымдар;

* эпидемиялық маңызы бар объектілер;

* Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері.

         “Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы” Қазақстан Республикасы Кодексінің 36-бабына сәйкес эпидемиялық маңызы бар объектілер мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жатады және тиісті тізілімге енгізіледі.

   Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттік ұйымдар “СЭН” АЖ арқылы:

* Мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта алады;

* берілген құжаттардың қаралу мәртебесін қадағалайды;

* санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар алады;

* профилактикалық бақылау нәтижелерімен танысады;

* санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарынан хабарлама алады;

* объект туралы мәліметтерді өзектендіреді;

* жеке бару қажеттілігінсіз аумақтық бөлімшелермен өзара іс-қимыл жасайды.

   Электрондық формат санитариялық заңнама талаптарын орындауды едәуір жеңілдетеді және қажетті ақпаратты жедел алуға мүмкіндік береді.

Ақпараттық жүйені пайдалану:

* Мемлекеттік қызметтерді алу кезінде уақытты үнемдеуге;

* хабарламалар мен шешімдерді уақтылы алуға;

* объект туралы мәліметтердің дұрыстығын арттыруға;

* бақылау іс-шараларының ашықтығы мен айқындылығын қамтамасыз етуге;

* бизнес пен мемлекеттік ұйымдарға әкімшілік жүктемені азайтуға;

* санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарымен өзара іс-қимыл сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

 

Сонымен қатар, процестерді цифрландыру халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылық деңгейін арттыруға және санитариялық-эпидемиологиялық тәуекелдер туындаған кезде жедел шешім қабылдауға ықпал етеді.

 

Тиімді жұмыс істеу үшін кәсіпкерлік субъектілеріне:

 

* объект туралы мәліметтерді уақтылы жаңартып отыру;

* ақпараттық жүйеде жеке кабинетті үнемі тексеріп отыру;

* Қазақстан Республикасының санитариялық заңнамасының талаптарын сақтау;

* санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарының талаптары мен ұсынымдарын уақтылы орындау;

* санитариялық талаптардың сақталғанын растайтын құжаттарды сақтау ұсынылады.

Аталған іс-шараларды уақтылы орындау бұзушылықтарды болдырмауға мүмкіндік береді және профилактикалық бақылаудан сәтті өтуді қамтамасыз етеді.

Ақпараттық жүйенің жұмысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады, оның ішінде:

* Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI “Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы” Кодексі:

* Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 “Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтертерді көрсетудің кейбір мәселері туралы” бұйрығы:

* “Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау” ақпараттық жүйесі:

* Қазақстан Республикасының электрондық үкімет порталы:

Құрметті кәсіпкерлік субъектілері !

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті “Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау” ақпараттық жүйесінің мүмкіндіктерін белсенді пайдалануды ұсынады. Электрондық өзара іс-қимыл мемлекеттік қызметтерді тезірек алуға, заңнама талаптарын сақтауға және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы міндеттерді уақтылы орындауға мүмкіндік береді.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылауды цифрландыру – бұл мемлекет пен бизнес үшін ыңғайлы, ашық  және тиімді болып табылады.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-atyrau/press/news/details/1264837?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді