ТҮРКІСТАНДА ТАЗАЛЫҚТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ КҮН САЙЫН 700-ГЕ ЖУЫҚ ЖҰМЫСШЫ ҚЫЗМЕТ ЕТЕДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ТҮРКІСТАНДА ТАЗАЛЫҚТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ КҮН САЙЫН 700-ГЕ ЖУЫҚ ЖҰМЫСШЫ ҚЫЗМЕТ ЕТЕДІ

Қала аумағындағы жасыл желектің жай-күйін сақтау мақсатында ағаштар мен көгалдарды тұрақты суару, тал түптерін әктеу, минералды тыңайтқыштарды себу, сондай-ақ агротехникалық күтім шаралары белгіленген кестеге сәйкес жүйелі түрде жүргізілуде.

Бүгінде қалада 1 487 680 түп ағаш пен бұта, 9,1 гектар гүлзар және 345 гектар көгал тұрақты күтіммен қамтылған. Жалпы күтім жүргізілетін аумақ көлемі 789 гектарды құрайды. Бұл жұмыстарға күн сайын 26 арнайы су тасымалдаушы техника мен 687 жұмысшы жұмылдырылып, жасыл желекті суару және күтіп-баптау жұмыстары үздіксіз жүргізілуде.

Сонымен қатар, қаладағы 875 көшеннің санитарлық тазалығы тұрақты бақылауда. Бекітілген кестеге сәйкес 30 көше күн сайын, 120 көше аптасына үш рет, ал 725 көше аптасына бір рет тазаланады. Қаланың санитарлық жағдайын қамтамасыз ету мақсатында ай сайын көшелерден 1950-2200 тонна тұрмыстық қалдық шығарылып, арнайы полигонға жеткізіледі.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-mayakum/press/news/details/1263802?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді