Ұлытау облысында адам саудасына қарсы күреc күніне орай акция өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күніне орай Ұлытау облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы “Адам саудасына жол жоқ!” атты профилактикалық акция өткізді. Іс-шара барысында полиция қызметкерлері Жезқазған қаласының халық көп шоғырланатын орындарында, теміржол вокзалында, автовокзалда, сауда орталықтарында және қызмет көрсету нысандарында тұрғындармен кездесіп, адам саудасының алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Акция аясында азаматтарға адам саудасының негізгі белгілері, жалған жұмысқа орналастыру туралы ұсыныстардың қауіпі, шетелге шығу немесе еңбек қызметін бастамас бұрын құжаттардың заңдылығын тексерудің маңыздылығы жөнінде ақпарат берілді. Сонымен қатар тұрғындарға сақтық шаралары көрсетілген арнайы жадынамалар таратылды. Полицейлер азаматтарды жеке басын куәландыратын құжаттарын бөгде адамдарға сеніп тапсырмауға, күмәнді жұмыс ұсыныстарына сақтықпен қарауға және еңбек шартын міндетті түрде ресми рәсімдеуге шақырды. Ұлытау облысы Полиция департаменті адам саудасына қарсы күрес – құқық қорғау органдары мен қоғамның бірлескен міндеті екенін еске салады. Азаматтардың қырағылығы мен құқықтық сауаттылығы адам саудасы қылмыстарының алдын алуда маңызды рөл атқарады. Егер сіз адам саудасына қатысты құқық бұзушылық немесе күмәнді жағдайлар туралы ақпаратқа ие болсаңыз, дереу «102» арнасына хабарлауыңызды сұраймыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-ulytau/press/news/details/1264659?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді