
Фестивальдің қорытынды күні спорттық бәсекемен қатар, жастардың белсенділігі мен жаңа мүмкіндіктерін тоғыстырған мазмұнды алаңға айналды.
Армрестлинг пен турникке тартылудан өткен жарыстарда қатысушылар күш пен төзімділіктен сынға түсіп, І, ІІ және ІІІ орын иегерлері анықталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен марапатталды. Shakarim University және Alikhan Bokeikhan University өкілдері жастарға білім беру бағдарламалары мен оқу мүмкіндіктерін таныстырып, кәсіптік бағдар берді.
Фестиваль аумағында Dәмді және Dodo фуд-корттары жұмыс істеп, жастарға арналған интерактивтер, байқаулар мен түрлі белсенділіктер мерекелік атмосфераны толықтырды.
Фестивальдің басты идеясы – «Заң мен тәртіп» қағидатын жастарға жақын әрі түсінікті форматта жеткізу, заңға құрмет, жауапкершілік, салауатты өмір салты мен саналы таңдауды дәріптеу.
Абай облысының әкімдігі мен Абай облысының прокуратурасының бірлесуімен ұйымдастырылған қорытынды күн спортты, білімді, белсенділік пен ортақ құндылықтарды бір алаңда тоғыстырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-zhastar-basqarmasy/press/news/details/1263778?lang=ru

Жауап қалдыру