Қазақстанда «Ауыл құтқарушылары» 222-ші ерікті өртке қарсы құралымы ашылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

  Ақтөбе облысы Байғанин ауданының Алтай батыр ауылында жаңғырту жұмыстарынан кейін «Ауыл құтқарушылары» 222-ші ерікті өртке қарсы құралымы пайдалануға берілді. Бұл өрт сөндіру бекеті жалпы саны 1 346 адам тұратын үш елді мекеннің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

  ТЖМ ерікті өртке қарсы құралымға қажетті өрт сөндіру техникасын, байланыс құралдарын және өртке қарсы техникалық жабдықтарды табыстады. ТЖД қызметкерлері еріктілерді тұрақты түрде оқытып, олардың тәжірибелік дағдыларын жетілдіруде және өрттер мен басқа да төтенше жағдайларды жою кезінде әрекет етуге дайындауда.

  Өрт сөндіру бекетінде тәулік бойы кезекшілік атқаратын қызметкерлер үшін барлық қажетті жағдай жасалған. Ғимаратта демалыс және жатын бөлмелері, ас үй, санитарлық-тұрмыстық бөлмелер, сондай-ақ өрт сөндіру техникасын орналастыруға арналған гараж қарастырылған. Материалдық-техникалық база да нығайтылды.

  Өрт сөндіру бекетінің пайдалануға берілуі өңірдегі өрт қауіпсіздігі деңгейін арттыруға, табиғи және дала өрттерінің алдын алу мүмкіндіктерін едәуір күшейтуге, сондай-ақ төтенше жағдайларға жедел ден қоюды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/1265494?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді