
Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері Шымкент қаласы Нұрлыбаев көшесінің бойында Toyota Alphard маркалы автокөлікті тоқтатып, жүргізушінің құжаттарын тексеру барысында жүргізуші ішімдік ішіп масаң күйде көлік басқаруы мүмкін болып, күмән тудырған.
Тексеру нәтижесінде көлік тізгінінде отырған 35 жастағы жүргізушінің алкогольдік масаң күйде болғаны белгілі болды. Заң талаптарына сәйкес автокөлік арнайы “Арғымақ” айып тұрағына қойылып, жүргізуші өзінің жүргізуші куәлігінен 7 жылға айырылып, әкімшілік қамауға алынды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1265563?lang=ru

Жауап қалдыру