Әлеуметтік нысандар құрылысы саласындағы цифрландыру, ашықтық және адам факторын азайту, сондай-ақ құрылыс жұмыстарының сапасын бақылау

Жарияланды:

Автор:

категорияда

         Жетісу облысы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің Іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде 2026 жылғы 28 шілдеде «Жетісу облысы Талдықорған қаласында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт кешенінің» құрылысы бақылау барысында мердігер ұйымы басшылығымен және құрылысшылармен ашық кездесу өткізді.

        Құрылыс саласын цифрлық трансформациялау шеңберінде әлеуметтік нысандардың құрылысын жүзеге асыру кезінде ашықтықты қамтамасыз етуге, қабылданатын шешімдердің айқындығын арттыруға және адам факторының ықпалын төмендетуге бағытталған заманауи цифрлық шешімдер кезең-кезеңімен енгізілуде. Ақпараттық жүйелерді, электрондық құжат айналымын, жобаларды іске асырудың цифрлық мониторингін және бақылау рәсімдерін автоматтандыруды қолдану мемлекеттік бақылаудың тиімділігін арттыруға, құрылыс нормалары мен талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ ықтимал бұзушылықтарды уақтылы анықтауға мүмкіндік береді.

        Құрылыс саласын цифрландыру жобалаудан бастап мемлекеттік сатып алу, құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау және объектілерді пайдалануға қабылдауға дейінгі барлық кезеңдерде процестердің ашықтығын қамтамасыз етеді. Техникалық және авторлық қадағалау, шарттық міндеттемелердің орындалу мерзімдерін бақылау, құрылыс жұмыстарының сапасын бағалау кезінде цифрлық құралдарды пайдалану қабылданатын шешімдердің объективтілігін арттырып, субъективті факторларды азайтуға және құрылыс процесіне қатысушылардың жауапкершілігін күшейтуге ықпал етеді.

       Жетісу облысының құрылыс басқармасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға ерекше мән береді. Басқарма қызметінің негізгі қағидаттары – заңдылық, ашықтық, адалдық, жариялылық және қабылданатын шешімдердің айқындылығы болып табылады. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмайтын және адам факторының ықпалын барынша азайтатын цифрлық технологияларды енгізу бюджет қаражатының тиімді әрі мақсатты жұмсалуын қамтамасыз етіп, мемлекеттік органдарға деген қоғамның сенімін нығайтуға және сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-stroi/press/news/details/1266149?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді