«Тұлпар мініп, ту алған!» облыстық жобасына қатысуға белсенділік артып келеді!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өңірімізде басталғалы жатқан облыстық «Тұлпар мініп, ту алған!» жобасына тіркелу қызу жүріп жатыр. Бүгінгі таңда жобаға 400-ден астам қатысушы өтінім жолдады.

Бұл байқау — рухы биік мектеп оқушылары, арнайы білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері мен ел қорғаны болған әскери қызметшілер арасында өткелі жатқан ерекше жоба!

Қалалар мен аудандар белсенділігі:

Өңіріміздің түкпір-түкпірінен жастар белсенді атсалысуда.

Әсіресе Балқаш шаһары (161), Шахтинск (62) және Қарағанды (48) қалалары көш бастап тұр! Оған қоса Нұра, Саран, Абай, Қарқаралы, Осакаров, Шет, Теміртау және Бұқар жырау аудандары да жобаға қатысуға ниетті.

Әскери қызметшілер де қалыс қалар емес:

Қарулы Күштердің әскери бөлімдерінен (6505, 5451, 5516, 36352) 78 әскери қызметші тіркеліп, өз бақтарын сынауға дайын! Қатысушылар саны 600-ден асады деген болжам бар.

Бұл жай ғана сайыс емес — бұл патриотизм, батырлық пен тілге деген құрметтің мектебі!

Уақытты өткізіп алмаңыз! Жобаға қатысып, өз өңіріңіздің, өз мектебіңіздің немесе әскери бөліміңіздің намысын қорғаңыз.

Тарихымызды ұлықтап, туымызды бірге желбіретейік!

Байқауға қатысу үшін saryarqa-jastary.kz сайтына кіріп, «Жобалар» – «Тұлпар мініп, ту алған!» бөлімі арқылы тіркеліп, өтінім жолдау қажет.

Қосымша ақпарат алу үшін: +7 700 155 10 60.

#тұлпармініптуалған

#қарағандыоблысыныңтілдердідамытужөніндегібасқармасы

#жоба

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-til-damytu/press/news/details/1266148?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді