
Қазақстанда импорттаушылар мен отандық өндірушілер үшін тауар айналымының ережелері өзгереді. ҚР Сауда және интеграция министрлігінің №199 бұйрығына сәйкес, биологиялық белсенді қоспаларға (БАД), сондай-ақ бөтелкедегі сыра мен сыра сусындарына міндетті таңбалау енгізіледі.
Жаңа талаптар 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап Қазақстанда өндірілген немесе елге әкелінген өнімдерге қолданылады.
Арнайы қорғаныс коды ҚР немесе Еуразиялық экономикалық одақта қолданыстағы тіркеуі бар барлық БАД-ға: арнайы тамақ өнімдері, концентраттар, дәрумен-минерал кешендері, шәрбаттар мен өсімдік сығындыларына, сондай-ақ бөтелкедегі сыра мен сыра сусындарына орналастыру тиіс.
Таңбалау контрафактіден қорғайды, адал бизнеске әділетсіз бәсекеден аулақ болуға, ал сатып алушыларға тексерілген әрі қауіпсіз өнім алуға көмектеседі.
Сандық код тауардың өндірушіден немесе шекарадан, соңғы сатып алушыға жеткенге дейінгі жолын бақылауға мүмкіндік береді.
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті импорттаушылар мен бөлшек сауда желілерін бұл жаңашылдыққа алдын ала дайындалуға шақырады. Техникалық процестерді уақытылы реттеу кедендік рәсімдерден кедергісіз өтуге және сауданы үздіксіз жүргізуге мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1267089?lang=ru

Жауап қалдыру