
Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полицейлер Түркістан облысы Төлеби ауданының аумағында үйлену тойы кортежіне қатысушылардың жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғанын анықтады.
Полиция қызметкерлері жүргізген жедел іс-шаралардың нәтижесінде құқық бұзушылыққа жол берген жүргізушілер анықталды. Жол қозғалысы ережелерін бұзған 8 көлік құралы мамандандырылған айыптұраққа қойылды.
Құқық бұзушыларға қатысты көлік құралдарын пайдалану қағидаларын және маневр жасау ережелерін бұзу, арнайы жарық және дыбыс сигналдарын заңсыз пайдалану, сондай-ақ авариялық жағдай туғызу фактілері бойынша әкімшілік шаралар қабылданды.
Полиция жол қозғалысына қатысушыларды белгіленген заң талаптарын қатаң сақтап, өзге азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігіне қауіп төндіретін әрекеттерге жол бермеуге шақырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-turkistan/press/news/details/1267087?lang=ru

Жауап қалдыру