Алматылық спортшы тоғызқұмалақтан әлем чемпионатына жолдама алды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы қаласы Спорт басқармасы өкілдерінің мәліметінше, 2026 жылы 24–31 шілде аралығында Алматы облысының Талғар ауданында 19 және 21 жасқа дейінгі жастар арасында тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының XXIV чемпионаты өтті. Елдің 15 өңірінен келген 100-ге жуық үздік спортшы Қазақстан чемпионы атағымен қатар, қараша айында Түркияда өтетін әлем чемпионатына берілетін жолдама үшін бақ сынады.

Жарыс халықаралық ережеге сай классика, рапид және блиц бойынша үш тәртіпте өткізілді. Мұндай формат классикалық партияда да, уақыт шектеулі жағдайда да жоғары нәтиже көрсете алатын әмбебап ойыншыларды анықтауға мүмкіндік береді.

Чемпионат қорытындысы бойынша 19 жасқа дейінгі жас санатында алматылық Мейірлан Нұржанұлы Қазақстан чемпионы атанып, рапид бойынша әлем чемпионатына жолдама жеңіп алды.

Сондай-ақ 21 жасқа дейінгі жас санатында Елдар Дәкен де Қазақстан чемпионы атанып, Алматы құрамасының қоржынына тағы бір алтын медаль салды.

Жеңімпаздар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, республикалық біріншілікте Алматы қаласының намысын абыроймен қорғады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/1267002?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді