ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Р.К. Дубаевтың жетекшілігімен техникалық кеңес өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

      «Қазхром» кенішіндегі қауіпсіздік мәселелері мен апаттан кейінгі атқарылған шаралар талқыланды. Іс шараға Ақтөбе облысы ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы. «ТНК «Қазхром» АҚ басшылығы және облыстық атқарушы органның өкілі  қатысты.
        Жиын барысында «Болашақ» кенішінің өнеркәсіптік қауіпсіздік жай-күйі және 2025 жылғы 25 мамырда аталған кеніште орын алған апатты тексеру есебінде көрсетілген тиісті шаралардың орындалу барысы талқыланды. Сондай-ақ, «ТНК «Қазхром» АҚ бас директоры С.Л. Прокопьевтің, «ТНК «Қазхром» АҚ бас кеншісі Е.А. Булатовтың және Қазақ өнеркәсіптік қауіпсіздік ғылыми-зерттеу институтының өкілі А.Н. Шлегельдің есептері тыңдалды.
        Кеңес қорытындысы бойынша «ТНК «Қазхром» АҚ мен Қазақ өнеркәсіптік қауіпсіздік ғылыми-зерттеу институтына шахтаның газ дренаждық көлемін есептеу арқылы қажетті ұңғымалар санын нақтылау және төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған жұмыстардың сапасын бақылау мен қадағалауды күшейту тапсырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kpb/press/news/details/1267001?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді