Көкпекті ауданының әкімі Қошқарбаев Нұрбек Тұрсынқанұлы Көкжайық ауылында көшпелі әкімдік отырысын өткізді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кеңеске аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлімдер мен мемлекеттік мекемелердің басшылары, саяси партиялар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Отырыс барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін арттыруға және халықтың әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған мәселелер қаралды:

1. Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру барысы.
2, Көкпекті ауданының 2026 жылдың І жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары.
3, Ауылдық округтердің әлеуметтік-экономикалық даму рейтингі, Көкжайық ауылдық округіндегі «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы шеңберіндегі іс-шаралардың іске асырылу барысы, сондай-ақ 2026 жылға арналған үш жылдық даму жоспарына енгізілген жобалардың орындалуы.
4. әр түрлі.

Күн тәртібіндегі әрбір мәселе бойынша жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдар басшыларының баяндамалары тыңдалды. Талқылау қорытындысы бойынша аудан әкімі белгіленген іс-шараларды сапалы және уақытылы орындау, мемлекеттік бағдарламаларды тиімді іске асыру, сондай-ақ аудан тұрғындарының өтініштері мен өзекті мәселелеріне жедел ден қою қажеттігіне назар аудара отырып, нақты тапсырмалар берді.

Отырысты қорытындылай келе, аудан әкімі әкімдіктің көшпелі отырыстарын өткізу проблемалық мәселелерді жергілікті жерлерде уақтылы анықтауға, олар бойынша жедел шешімдер қабылдауға және халықпен сындарлы диалог құруға мүмкіндік беретінін атап өтті. Көкпекті ауданының тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру жөніндегі жұмыс жалғасатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kokpekti/press/news/details/1266860?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді