
2026 жылғы 27 шілдеде «Заң және тәртіп» медиа-жоспары аясында Ақтоғай ауданы Қожамжар ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік мекемесінде Павлодар облысы Әділет департаментінің Ақтоғай ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімінің мемлекеттік аға сот орындаушысы Л. Жакенова «Сот орындаушысының атқарушылық іс жүргізуді тоқтата тұру міндеті» және «Өндіріп алуды қолдануға болмайтын мүлік» тақырыптарында дәріс өткізді.
Іс-шара барысында атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңнама талаптары түсіндіріліп, азаматтардың құқықтары мен міндеттері бойынша жан-жақты ақпарат берілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және құқықтық мәдениетті қалыптастыру.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-pvl/press/news/details/1266869?lang=ru

Жауап қалдыру