
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің талаптарына сәйкес Ұйғыр ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Тексеру барысында жүріп-тұруы қиын I топтағы мүгедектігі бар адамдарды жеке көмекші қызметімен қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсету кезінде заңнама талаптарының бұзылуы анықталды. Тексеру нәтижелерінен анықталған бұзушылықтарға, жою туралы нұсқама енгізілді, орындалу мерзімі 2026 жыл 30 қазанға дейін белгіленді. Нұсқаманың орындалуы Департаменттің бақылауында.
Бақылау іс-шаралары мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз етуге және халықты әлеуметтік қорғау саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-konaev/press/news/details/1266847?lang=ru

Жауап қалдыру