Маңғыстаулықтар мамандандырылған ХҚКО-да дербес менеджердің көмегіне жүгіне алады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылдың алғашқы алты айында Ақтау қаласындағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында 1053 азамат «Дербес менеджер» қызметін пайдаланған.

«Дербес менеджер» қызметі мемлекеттік қызметтерді кезек күтпей, уақытын тиімді пайдалана отыра маманның көмегімен алуға мүмкіндік береді. Қызмет алу барысында маман құжаттарды рәсімдеудің барлық кезеңінде қызмет алушыға қолдау көрсетіп, мемлекеттік қызметті барынша ыңғайлы әрі қысқа мерзімде алуға көмектеседі.

Аталған қызмет арқылы мамандандырылған ХҚКО-да көлік құралдарын тіркеу, қайта тіркеу, есепке қою және есептен шығару бойынша мемлекеттік қызметтерді маманның жеке көмегімен  алуға мүмкіндік береді.

Қызметті алу үшін азаматтар мамандандырылған ХҚКО-ға жүгініп, өтінім беруі қажет. Мамандандырылған ХҚКО-дағы қызмет құны – 6 306 теңгені құрайды.

Сонымен қатар орталыққа өздігінен келуге мүмкіндігі жоқ азаматтар үшін дербес менеджердің үйге барып қызмет көрсету мүмкіндігі қарастырылған. Алдын ала берілген өтінім негізінде маман келісілген уақытта көрсетілген мекенжайға барып, мемлекеттік қызмет алу процесін ұйымдастыруға көмектеседі. Үйге барып мемлекеттік қызмет көрсету құны  – 7 447 теңге.

Бұл қызмет уақытын тиімді пайдалануды қалайтын және мемлекеттік қызметтерді жеке маманның көмегімен алуды жөн көретін азаматтар арасында сұрансықа ие. Дербес менеджер құжаттарды рәсімдеу кезінде барынша ыңғайлы әрі дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік береді. 

Маңғыстау облысындағы мамандандырылған ХҚКО Ақтау қаласы, Өнеркәсіптік аймақ, 9 мекенжайында орналасқан. Орталық дүйсенбі жұма күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Сенбі күні кезекші қызмет көрсетіп, азаматтарды сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін қабылдайды.

Айта кетейік, қызмет туралы толық ақпаратты 1414 біріңғай байланыс орталығы арқылы алуға болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-beyneu/press/news/details/1267077?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді