Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Сауд Арабиясының Елшісін қабылдады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана, 2026 жылғы 31 шілде – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исағалиев Қазақстандағы Сауд Арабиясы Корольдігінің Елшісі Фейсал Әл-Қахтаниді қабылдады.

Келіссөздер барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени және гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен одан әрі даму перспективаларын, сондай-ақ екі елдің халықаралық және аймақтық ұйымдар, соның ішінде БҰҰ, ИЫҰ, АҚИҰ және «Орталық Азия – ШАМЫК» форматы аясындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, оның ішінде Таяу Шығыстағы жағдай қарастырылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Астана мен Рияд арасындағы серіктестікті одан әрі нығайту жөніндегі жұмысты жалғастыруға дайындығын растады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1267078?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді