
«Заң мен тәртіп» акциясы аясында М.Төлебаев ауылында орналасқан мәдениет үйінде мекеме қызметкерлері арасында ақпараттық-түсіндіру шарасы өткізілді. Іс-шара барысында заң талаптарын сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, қызметтік әдеп нормаларын сақтау, қоғамдық тәртіпті нығайту және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері түсіндірілді.
Шара барысында қатысушыларға заңдылық қағидаттарын сақтау, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша ақпарат берілді. Қызметкерлер арасында құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – заң мен тәртіп қағидаттарын насихаттау, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және заң талаптарын мүлтіксіз сақтаудың маңыздылығын түсіндіру

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sarkan-karashygan/press/news/details/1267386?lang=ru

Жауап қалдыру