
Құрметті отандастар!
2026 жылғы 23 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Елшілігі жанындағы №405 сайлау учаскесінде (мекенжайы: Avenue Van Bever 30, 1180 Brussels, Belgium) Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы өтеді.
№405 сайлау учаскесінің сайлаушылар тізіміне Бельгия Корольдігі мен Люксембург Ұлы Герцогтігі аумағында уақытша немесе тұрақты тұратын, Қазақстан Республикасы азаматының жарамды паспорты немесе жеке куәлігі бар Қазақстан Республикасының азаматтары енгізіледі.
Құрметті азаматтар!
№405 сайлау учаскесінің сайлаушылар тізіміне енгізу үшін алдын ала өз деректеріңізді (тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, ЖСН, тұрғылықты мекенжайы, байланыс деректері) «Құрылтай – 2026» деген белгімен алдын ала Brussels@mfa.kz және consul.brussels@mfa.kz электрондық пошталарына жолдауларыңызды сұраймыз.
Дауыс беру күні өзіңізбен бірге Қазақстан Республикасы азаматының жарамды паспорты немесе жеке куәлігі болуы қажет.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда келесі телефон нөмірлері арқылы хабарласуыңызды сұраймыз: +32 2 373 38 90, +32 497 03 24 28.
Сіздерді Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына қатысып, белсенді азаматтық ұстаным танытуға шақырамыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brussels/press/news/details/1268778?lang=ru

Жауап қалдыру