ШҚО-да мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын лицензиялау және 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы мемлекеттік аттестаттау қорытындылары талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

✅ Шығыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің қызметкері Жұмабекова Салтанат Мырзабекқызы Шығыс Қазақстан облысының Білім басқармасы ұйымдастырған білім беру ұйымдары басшыларымен өткен кеңеске қатысты. Кеңес барысында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын лицензиялау мәселелері түсіндіріліп, 2026 жылдың І жартыжылдығындағы мемлекеттік аттестаттау қорытындылары ұсынылды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің №473 бұйрығына енгізілген өзгерістерге ерекше назар аударылды. Аталған өзгерістерге сәйкес барлық мектепке дейінгі білім беру ұйымдары лицензиялаудан өтуге тиіс екенін қатысушыларға түсіндіріп өтті. Қазіргі таңда Шығыс Қазақстан облысында 381 мектепке дейінгі білім беру ұйымы лицензиялауға жатады. Осыған байланысты оларды лицензия алуға дайындау және лицензиялау жұмыстарын ұйымдастыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілетін болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-vko/press/news/details/1269193?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді