Алты айға жүргізуші куәлігінен айырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алты айға жүргізуші куәлігінен айырылды

Жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларының көмегімен жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған жүргізушілер күн сайын анықталуда.

Кезекті мониторинг барысында қала көшелерінде қос тұтас жолақ сызығын кесіп өткен «Mercedes-Benz G-Class» және «Audi» маркалы автокөліктер анықталды.

Аталған жүргізушілерге қарсы қозғалыс жолағына шығу дерегі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, жиналған материалдар сотқа жолданды.

Сот шешімімен бұл құқық бұзушылық үшін жүргізушілер көлік құралын басқару құқығынан 6 ай мерзімге айырылды.

Айта кетейік, жыл басынан бері Тараз қаласы бойынша осы санаттағы жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін 110 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhambyl/press/news/details/1269888?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді