
Қарағандыда 12 тамыз күні қала әкімдігінің қолдауымен ECO FEST экологиялық фестивалі өтеді.
Қонақтарды спорттық жарыстар, байқаулар, интерактивті алаңдар, сыйлықтар және бүкіл отбасыға арналған өзге де қызықты іс-шаралар күтеді.
Іс-шара «Заң және тәртіп» идеологиясы мен республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылады.
Фестиваль барысында өтетін басты іс-шараларының бірі – пластик бөтелкелерді сыйлықтарға айырбастау акциясы. Қатысушылар бес пластик бөтелке тапсырса, балмұздақ алады. Он пластик бөтелкеге хайуанаттар бағына немесе балалар темір жолына билет беріледі. Ал елу пластик бөтелке тапсырғандарға киноға билет табысталады.
Ұйымдастырушылар қала тұрғындары мен қонақтарын экологиялық бастамаға қолдау білдіріп, қоршаған ортаны қорғауға өз үлесін қосуға әрі уақыттарын пайдалы өткізуге шақырады.
Фестиваль Жеңіс саябағында (Оңтүстік-Шығыс шағынауданы) өтеді. Басталуы – сағат 10:00-де.
Ұйымдастырушы – Қарағанды қаласының Жастар ресурстық орталығы.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1269896?lang=ru

Жауап қалдыру