Астанада Абайтанудың әлемдік ғылыми аспектілеріне арналған лекция өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана қаласында Ұлттық академиялық кітапханасында «Абайтанудың әлемдік контекстіндегі ғылыми аспектілері» атты лекция ұйымдастырылды. Аталған лекцияны көрнекті фольклортанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры Шәкір Ибраев оқыды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шараны Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив басқармасы, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының қолдауымен, Қазақстан Жазушылар одағының Астана қалалық филиалының «Қаламгер ұстаханасы» жобасы аясында өткізді.
Басты мақсат – ұлы ақын, көрнекті ойшыл, хакім Абайдың мұраларының мәнін ғылыми тұрғыдан зерделей түсу.

Сондай-ақ оның рухани мұраларын әлемдік дүниетаным негізінде негіздеу көзделеді.

«Абай туралы жазылып жатқан еңбек көп. Кітап шығып, мақала жазып, зерттеулер жүргізіліп жатыр. Бұндай үрдіс Еуропада бұрынан бар. Яғни, мұны ол жақта «оқырман репрессия» дейді. Біз де осы ойдың түйінін тарқатуға тырыстық. Абай әлемдік тұлға, ақын, ойшыл дейді. Келісеміз.

Оның дәйегін дәлелдеу керек. Оны дәлелдеу үшін Аристотель, Әл-Фарабимен салыстырып жатамыз. Адамзаттың Абайы дәрежесіне дәйекті түрде көтеруіміз керек», – деді көрнекті фольклортанушы ғалым Шәкір Ибраев.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1269773?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді