
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Михаил Бортник инспекциялық сапармен Солтүстік Қазақстан облысына барды. Ол Петропавл қаласында мемлекеттік органдардың өкілдерімен Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауды даярлау және өткізу мәселелері бойынша өткен кеңеске қатысты.
Кеңес барысында уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері сайлауға дайындық барысы мен жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат берді. Михаил Бортник сайлауды сайлау заңнамасының талаптарына қатаң сәйкес өткізуді қамтамасыз етуді тапсырып, сайлау процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге және сайлаушылар үшін қажетті жағдай жасауға ерекше назар аударды. Сонымен қатар, кеңесте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне де баса мән берілді.
Жұмыс сапары аясында Михаил Бортник Аққайың ауданының Астраханка және Смирново ауылдарында орналасқан сайлау учаскелерінде болып, учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерімен кездесті. Ол сайлаушыларды жүйелі әрі уақытылы ақпараттандырудың, сондай-ақ байқаушылар мен сенім білдірілген адамдардың жұмысына қажетті жағдай жасаудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, ОСК мүшесі Аққайың ауданының сайлау комиссиялары мүшелеріне арналған оқыту семинарына қатысты.
2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарының сайлауында Солтүстік Қазақстан облысында барлығы 558 сайлау комиссиясы жұмыс істейтін болады. Оның ішінде 15 аумақтық және 543 учаскелік сайлау комиссиясы бар. Жалпы сайлау науқанын ұйымдастыру мен өткізуге 3196 сайлау комиссиясының мүшесі тартылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/election/press/news/details/1270192?lang=ru

Жауап қалдыру