
Қала әкімі көпқабатты тұрғын үйлердің МИБ төрағаларымен кездесу өткізіп, алдағы жылыту маусымына дайындық пен аулаларды күтіп ұстау мәселелерін талқылады.
Осыған байланысты МИБ төрағаларына жылыту жүйелерін уақытында жуып-шаю және қысыммен тексеру жұмыстарын аяқтау тапсырылды.
Сонымен қатар аулаларды абаттандыру, балалар мен спорт алаңдарының жағдайы, жарықтандыру және оларды күтіп ұстау мәселелері де сөз болды. Қала әкімі жайлы әрі таза аула қалыптастыруда тұрғындардың белсенділігі мен жауапкершілігі маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Кездесу соңында жауапты тұлғаларға тұрғындармен тығыз байланыста болып, барлық жоспарланған жұмыстарды уақытында орындау тапсырылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-petropavl/press/news/details/1270191?lang=ru

Жауап қалдыру