
Қазіргі заманғы өркениетті қоғамның дамуы ең алдымен тұрақтылық пен қауіпсіздікке тікелей тәуелді. Кез келген мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік өркендеуі үшін «Заң мен тәртіп» қағидаты басты темірқазық болуы тиіс. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі бұл мәселеге ерекше назар аударып, елімізде «Заң мен тәртіп» идеологиясын орнықтырудың маңыздылығын бірнеше мәрте атап өткен болатын. Бұл қағидат тек құқық қорғау органдарының ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті.
Қоғамдық қауіпсіздік және тұрақтылық
Тәртіп орнаған жерде ғана адамдардың еркін өмір сүруіне, кәсіпкерлікпен айналысуына және болашаққа сеніммен қарауына жағдай жасалады. Егер қоғамда заң үстемдігі сақталмаса, онда әлеуметтік алауыздық, криминогендік жағдайлардың өсуі және сенімсіздік пайда болады. Мемлекеттің мықтылығы оның заңды қатаң сақтауымен және әрбір азаматтың қауіпсіздігіне кепілдік бере алуымен өлшенеді.
Әділдік пен теңдік
Заң алдында барлық азаматтың тең болуы — әділетті қоғамның басты белгісі. Бай немесе кедей, лауазымды тұлға немесе қарапайым жұмысшы болсын, заң талаптары баршаға бірдей орындалуы тиіс. Тек осындай ортада ғана әділдік салтанат құрып, халықтың мемлекеттік институттарға деген сенімі артады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-kerbulak-kyzylzhar/press/news/details/1270046?lang=kk

Жауап қалдыру