Бақылау сатып алуының тиімділігін арттыру мәселелері семинар-кеңесте талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Негізгі ұйымдастырушылық іс-шаралар жоспарына сәйкес Департаменттің және Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау аумақтық басқармаларының басшылары мен жетекшілік ететін мамандарының қатысуымен семинар-кеңес өткізілді.
Іс-шара барысында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында бақылау сатып алуын жүзеге асыру қорытындыларына, сондай-ақ оны өткізу барысында туындайтын өзекті мәселелерге ерекше назар аударылды.
Семинар-кеңеске қатысушылар бақылау сатып алуының нәтижелілігін арттыру, белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін өнімдерді анықтау, сондай-ақ талапқа сай емес сынамалардың анықталу деңгейінің төмен болу себептерін қарастырды.
Сонымен қатар есептілік нысандарын дұрыс әрі уақтылы жүргізу, биологиялық белсенді қоспаларды (ББҚ), сондай-ақ мемлекеттік тіркеуге жататын өнімдер (тауарлар) бойынша жарнама таратушылардың қызметіне мониторинг жүргізу мәселелері талқыланды.
Семинар-кеңес аясында аумақтық басқармалардың мамандары тәжірибе алмасты, құқық қолдану практикасындағы өзекті мәселелерді талқылап, жүргізіліп жатқан іс-шаралардың тиімділігін арттыруға бағытталған тәсілдерді айқындады.
Мұндай жұмыс кездесулерін өткізу аумақтық бөлімшелердің қызметін жетілдіруге, бақылау сатып алуын жүргізудің бірыңғай тәсілін қамтамасыз етуге және соның нәтижесінде мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылаудың тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-akmolinsk/press/news/details/1270832?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді