Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары!

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті интернет-алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертеді.

Алаяқтар ешқандай бағдарламаны бұзбайды. Олар адамдардың сенгіштігі мен асығыстығын пайдаланады.

Телефоныңызға eSIM рәсімдеу немесе ұялы байланыс операторының жеке кабинетіне кіру туралы хабарламаларды қайта-қайта жібереді. Олардың мақсаты – сізді шаршатып, абдыратып немесе байқамай «Растау» батырмасын басқызу.

Егер мұндай сұрауды растасаңыз, алаяқтар сіздің телефон нөміріңізді өз бақылауына алып, банк қосымшаларына, әлеуметтік желілерге және басқа да аккаунттарыңызға қол жеткізуі мүмкін.

Егер сіз сұратпаған eSIM рәсімдеу немесе жеке кабинетке кіру туралы хабарламалар келсе:

  • ештеңені растамаңыз;
  • ешқандай батырманы баспаңыз;
  • бірден ұялы байланыс операторының ресми байланыс орталығына хабарласып, аккаунтыңыздың қауіпсіздігін тексеріңіз.

Есіңізде болсын, телефон нөмірін басқа құрылғыға көшіру немесе eSIM рәсімдеу туралы кез келген күтпеген хабарлама – сақ болуға себеп.

Жеке деректеріңіздің қауіпсіздігі – өз қолыңызда!

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1270831?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді