Мемлекет басшысының бастамасымен жарияланған Халықаралық волонтерлер жылы аясында Маңғыстау облысында Каспий теңізінің бірегей экожүйесін сақтауға бағытталған, Каспий маңы елдерін ортақ мақсатқа жұмылдырған ең ірі экологиялық бастама – «Caspian Sea Action Week – 2026» халықаралық волонтерлік апталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Іс-шараға Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, халықаралық ұйымдардың өкілдері, Каспий маңы мемлекеттерінің ресми делегациялары, экология саласының жетекші сарапшылары, жастар ұйымдарының мүшелері мен волонтерлер қатысты. Апталық аясындағы іс-шараларға Қазақстан, Әзербайжан, Ресей, Түрікменстан, Иран, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстаннан 2 мыңнан астам қатысушы қатысады.
Салтанатты рәсімде сөз сөйлеген Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай халықаралық волонтерлік апталықтың өңірде өтуі Маңғыстаудың халықаралық экологиялық ынтымақтастықты дамытудағы маңызды алаң ретіндегі рөлін айқындай түсетінін атап өтті.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2026 жыл Халықаралық волонтерлер жылы болып жарияланды. Бұл шешім азаматтық жауапкершілікті, қоғамдық ынтымақты және жасампаздық мәдениетін нығайтуға бағытталған стратегиялық ұстанымның айқын көрінісі. Осындай маңызды бастаманың аясында дәл Маңғыстау өңірінің Каспий маңы елдерін табиғи мұрамызды сақтауға жұмылдыруы ерекше мәнге ие. Каспий теңізі мемлекеттік шекараларды мойындамайды. Сондықтан оның болашағына деген жауапкершілік те бәрімізге ортақ. «Caspian Sea Action Week – 2026» халықаралық волонтерлік апталығы ашық диалог алаңы ғана емес, нақты нәтижелерге жол ашатын, жаңа бірлескен экологиялық жобалардың бастауына айналады деп сенемін, – деді Нұрдәулет Қилыбай.
Салтанатты рәсімде Тегеран конвенциясының Уақытша хатшылығының үйлестірушісі М. Әлиев пен Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров құттықтау сөз сөйлеп, Каспий теңізінің экожүйесін ұзақ мерзімді қорғау және өңірдің орнықты дамуын қамтамасыз ету жолында мемлекеттердің күш-жігерін біріктірудің маңыздылығына тоқталды.
Іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасып, оның шарықтау шегі ретінде «Caspian Sea Action Week – 2026» халықаралық волонтерлік апталығының ресми әнұраны алғаш рет орындалды.
6-12 тамыз аралығында қатысушыларды панельдік пікірталастар, экологиялық іс-шаралар, Clean Caspian Challenge халықаралық жағалау тазалау акциясы, Caspian Hackathon, TED форматындағы кездесулер, волонтерлік экологиялық акциялар, Бозжыра шатқалына экспедиция және Caspian Sea Talks халықаралық саммитін қамтитын мазмұнды бағдарлама күтіп тұр.
Жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Маңғыстау облысы әкімдігі және Біріккен Ұлттар Ұйымының Волонтерлер бағдарламасымен (UNV) бірлесіп жүзеге асырылуда.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1270974?lang=ru

Жауап қалдыру