САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА АУЫЛДЫҚ АЙМАҚТАРДЫ ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖОБАЛАР ЖАЛҒАСУДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сарыағаш ауданында халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандарының құрылысы қарқынды жүргізілуде. Ауыл тұрғындарына көрсетілетін ветеринариялық және медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру мақсатында жүзеге асырылып жатқан жобалардың орындалу барысы аудан әкімінің тұрақты бақылауында.

Осыған орай аудан әкімі Арман Абдуллаев Жібек жолы ауылдық округінде салынып жатқан ветеринариялық бекеттің құрылыс жұмыстарымен танысты. Нысанды аралау барысында құрылыс сапасы, жұмыс қарқыны және белгіленген мерзімдердің сақталуы зерделеніп, мердігер ұйым өкілдеріне барлық жұмыстарды құрылыс талаптары мен техникалық нормаларға сәйкес әрі уақытылы аяқтау жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Қазіргі таңда ветеринариялық бекетте сыртқы қасбетті қаптау, ішкі әрлеу және сылақ жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, Дихан баба елді мекенінде бой көтеріп жатқан медициналық нысандардың құрылыс барысын да бақылады. Нысандарды аралау барысында құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасы, орындалу қарқыны және бекітілген жұмыс кестесінің сақталуына ерекше назар аударылды.

Қазіргі уақытта Дихан баба елді мекеніндегі медициналық нысанда кірпіш қалау жұмыстары жүргізілуде. Аудан әкімі жауапты мердігер мекемелер мен сала басшыларына құрылыс жұмыстарын сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды, сондай-ақ құрылыс барысын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

Аудан басшысы бұл жобалардың ауыл тұрғындарына көрсетілетін ветеринариялық және медициналық қызметтердің сапасын арттыруға, халыққа қолайлы жағдай жасауға бағытталған маңызды әлеуметтік бастамалар екенін атап өтті.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1270993?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді