СҚО мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында экологиялық сенбілік өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 8 тамызда «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясын іске асыру аясында облыстың мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы Жастар ресурстық орталығымен, облыстық Экология департаментімен, волонтерлермен және қоғам өкілдерімен бірлесіп Шоқан Уәлиханов атындағы скверде экологиялық сенбілік өткізді.

Аталған сквер қаланың көрікті әрі қоғамдық маңызы бар орындарының бірі болып табылады. Осы аумақта экологиялық акцияның өткізілуі қоршаған ортаға ғана емес, тарихи-мәдени мұра нысандарына да ұқыпты қараудың маңыздылығын білдіреді.

Сенбілік барысында аумақ тұрмыстық қоқыстардан тазартылып, скверді абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар Шоқан Уәлихановтың ескерткіші тазаланып, жуылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамдық орындардың тиісті санитариялық жағдайын қамтамасыз ету, халықтың экологиялық мәдениетін арттыру, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру, сондай-ақ елді мекендердің тазалығы мен абаттандырылуын сақтауға қоғам өкілдерін кеңінен тарту.

Мұндай іс-шараларды өткізу қоршаған ортаны қорғау және «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясының міндеттерін іске асыру бағытында мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың және өңір тұрғындарының күш-жігерін біріктіруге ықпал етеді.

Қадағалау органы облыс тұрғындарын экологиялық заңнама талаптарын сақтауға, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға, қоғамдық аумақтардың тазалығын сақтауға және экологиялық іс-шараларға белсенді қатысуға шақырады.

                                    Солтүстік Қазақстан облысының прокуратуасы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko/press/news/details/1271002?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді