Абай – дана, Абай – дара

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар-ресурстық орталығы» МКМ ұйымдастыруымен, 10 тамыз – ұлы тұлға, ақын, жазушы Абай Құнанбайұлы күніне орай,  М. Жұмабаев атындағы облыстық әмбебап кітапханасы қабырғасында, «Абай дана» атты облыстық қарасөзтану байқауы өтті. 

Абай – халықтың рухани темірқазығы. Оның мұрасы – мәңгілік. Сол асыл қазынаны бірге еске алып, қара сөздерін жастар арасында насихаттау шараның басты мақсаттарының бірі.

Аталмыш шараға Ақмола облысының аудандары мен қалаларынан келген қатысушылар және кез-келген ниет білдіруші жастар қатыса алды.

Байқау екі кезең бойынша өтіп, қатысушылар Абайдың кез-келген қара сөздерін мағынасын түсіндірумен соңғы кезең мәресіне жетті.

«Бүгін – «Абай күні».  10 тамыз – ұлт руханиятының темірқазығы, Абай Құнанбайұлының туған күні. Абай – қазақтың рухани дүниесін дамытуға өлшеусіз үлес қосқан тұлға. Оның терең ойлы өлеңдері мен музыкалық шығармалары, қара сөздері келешек ұрпақты тәрбиелеуде маңызы зор. Абайдың терең мағынаға толы шығармашылық мұрасы білім мен еңбектің, адалдықтың қадірін ұғындырып, бүгінгі ұрпаққа рухани бағдар болып келеді.

Сіздердей жас ұрпақ, Абай атамыздың шығармалары мен туындыларын жастар  арасында насихаттап жүргені қуантарлық жағдай. Аталмыш шараларды тек бүгінгі атаулы күн қарсаңында ғана емес, басқа күндері өткізіп отырсақ, нұр үстіне нұр төгілер деген ойдамын» – дейді өз сөзінде қазылар-алқасы атынан ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, еңбек сіңірген ұстазы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, абайтанушы – Аманжол Ыдырысұлы Ысмағұлов.

Байқау қорытындысы бойынша 3 орын – Қабдрашит Нұрай Олжабайқызына бұйырса, 2 орынды – Хуан Батырбек Болатханұлы иеленді. Ал жеңімпаз атағына Пазыл Перизат Бақытқызы ие болды.   

Жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-uvp/press/news/details/1271859?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді