
«Түркістан облысының Психологиялық қолдау орталығы» КММ-нің психологтары Гүлшат Жұматайқызы мен Марал Өмірзақова Отырар ауданында білім бөліміне қарасты мектептерге әдістемелік көмек көрсету жұмыстарын жүргізді.
Іссапар барысында педагог-психологтарға психологиялық қызметтің тиімділігін арттыру, тәуекел тобындағы білім алушылармен жұмысты ұйымдастыру және құжаттамаларды жүргізу бойынша әдістемелік қолдау көрсетілді.
Сонымен қатар, жазғы демалыс кезеңінде ата-аналар мен балаларға психологиялық қолдау көрсету мақсатында түсіндіру және кеңес беру жұмыстары ұйымдастырылды.
Кездесулер барысында балалардың эмоционалдық саулығын сақтау, қауіпсіз демалысты ұйымдастыру және отбасындағы қолайлы психологиялық ахуалды қалыптастыру мәселелері кеңінен талқыланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-audany/press/news/details/1271860?lang=kk

Жауап қалдыру