
ҚАЗЫҒҰРТ: ТАЗАЛЫҚ ПЕН ТӘРТІП, ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ МЕКТЕП ДАЙЫНДЫҒЫ – БАСТЫ НАЗАРДА
Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаиловтың төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлімдер мен жауапты мекемелердің басшылары қатысты.
Күн тәртібінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен тазалық жұмыстарына қатысты өзекті мәселелер қаралды. Атап айтқанда:
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жауапты бөлім басшылары мен мекеме басшылары баяндама жасап, атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттерді таныстырды.
Аппарат мәжілісінде аудан әкімі Азизхан Әзімханұлы әрбір бағыт бойынша нақты нәтижеге қол жеткізу қажеттігін атап өтіп, жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырмалар жүктеді. Әсіресе, елді мекендердің тазалығы мен абаттандырылуын қамтамасыз ету, сыртқы көрнекі ақпараттарды ретке келтіру, жол қауіпсіздігін күшейту және мектептердегі жөндеу жұмыстарын сапалы аяқтау мәселелерін тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.
Сонымен қатар берілген тапсырмалардың сапалы әрі белгіленген мерзімде орындалуын қамтамасыз етуді және атқарылған жұмыстардың нәтижесі бойынша нақты есеп беруді міндеттеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kazygurt-audany/press/news/details/1271703?lang=kk

Жауап қалдыру