
Маңғыстау облысы Полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бекіре тұқымдас балықтарды заңсыз айналымға шығару фактісінің жолын кесті.
8 тамыз күні Ақтау қаласында табиғатты қорғау полициясы мен қалалық полиция қызметкерлерінің қатысуымен Toyota Prado автокөлігі тоқтатылды. Көлік құралын тексеру барысында жүксалғыштан жалпы салмағы 256 килограмм болатын 62 дана бекіре тұқымдас балық анықталды.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабының 1-бөлігі бойынша, яғни сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін заңсыз пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Маңғыстау облысының Полиция департаменті сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін заңсыз аулау, сатып алу, сақтау, тасымалдау және өткізу заңда белгіленген жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді. Полиция браконьерлік және балық өнімдерінің заңсыз айналымы фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша жұмысты жалғастыруда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1272313?lang=ru

Жауап қалдыру